2024 жылдың 1 қазаны мен 31 қазаны аралығында Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық емханасында тыл еңбеккерлері, зейнеткерлер және мүгедектігі бар адамдар үшін Ашық есік айлығы өтеді. Осы топқа жататын әрбір тұрғын сапалы қызмет көрсету, дәрігерлермен кеңесу, тексеру кабинеттерінен өту үшін аудандық емханаға жүгіне алады, сондай-ақ қан қысымын, сатурацияны, жүрек соғуын өлшеп, электрокардиограмма жасай алады. Қажет болған жағдайда пациенттер қосымша тексеруге және одан әрі емдеуге жіберіледі.
07.10.2024
Қараулар: 195
Қараулар: 195