Site Overlay

2026 жылғы 16 маусымда Мағжан Жұмабаев ауданының прокуратурасы «Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мекеме қызметкерлеріне еңбек және әкімшілік заңнама талаптары жеткізіліп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу, интернет-алаяқтық, дропперлік, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыру бағытындағы мәселелер талқыланды.

Кездесуге қатысушыларға құқық бұзушылықтар жасағаны үшін көзделген жауапкершілік шаралары түсіндіріліп, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау жөнінде ұсынымдар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Copyright © 2026 . All Rights Reserved. | Chique by Catch Themes