22.10.2026 жылы Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасында сүт безі обырының алдын алуға арналған іс-шара өтті.
Аурухананың онкологиялық қызметінің үйлестірушісі Екатерина Алексеевна Шпис қатысушыларға қауіп факторлары, тұрақты тексерулердің маңыздылығы және ауруды ерте анықтау туралы айтып, ақпараттық дәріс және практикалық сабақ өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты-халықтың хабардарлығын арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. 💗
Ерте диагностика – өмір мен денсаулықты сақтау жолындағы маңызды қадам!









