2026 жылдың 4 қарашасында Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Рахат Смағұловтың төрағалығымен аудан әкімдігінде аппараттық кеңес өтті.
Кеңес аясында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 60 жылдық мерейтойына байланысты аудандық аурухана директоры Гүлбану Сағындықова көпжылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, ауданның денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі және өз ісіне адалдығы үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Гүлбану Сағындықованы мерейтойымен және лайықты марапатымен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, амандық, Сарқылмас қуат және кәсіби қызметте одан әрі табыс тілейміз!

