Site Overlay

📢 Аккредиттеу рәсімі басталды

2026 жылдың 15 маусымында «Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК аккредиттеуден өту рәсімі басталды.

Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдары арасында Мағжан Жұмабаев ауданы ағымдағы жылы аккредиттеу рәсімінен өтуге бірінші болып кірісті.

Рәсімнің басталуы аясында аккредиттеу жөніндегі жұмыс тобымен кездесу өтті, оған аудан әкімінің орынбасары Абай Қазисов, ШЖҚ КМК директоры Гүлбану Сағындықова, сондай-ақ жұмыс тобының жетекшісі Баткен Шәкенова қатысты.

Аккредиттеуден өту мекеме жұмысын одан әрі жетілдіруге, процестердің тиімділігін арттыруға және пациенттердің медициналық көмектің сапасына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Ұжымға аккредиттеудің барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуді тілейміз! ✅

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Copyright © 2026 . All Rights Reserved. | Chique by Catch Themes