Мағжан Жұмабаев ауданында Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Абай Қазисов құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің маңыздылығын, елдің жетістіктерін және тұрғындардың туған өлкенің дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Іс-шара аясында марапаттау рәсімі өтті. Солтүстік Қазақстан облысы әкімі мен аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты жалпы практика дәрігері Х.А. Камалитдиновқа, акушер М.М. Митяеваға табыс етілді.
Мерекелік атмосфераны “Джентльмены” шығармашылық тобы мен “Адай” триосы қатысқан концерттік бағдарлама толықтырды.
Республика күні – мемлекеттіліктің, бірлік пен еліміз үшін мақтаныштың символы!
Мереке құтты болсын! Қазақстан Республикасы өркендей берсін!

