2026 жылғы 13 қарашада аудандық Мәдениет үйінде студенттер, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты есірткіні қолдану мен таратудың салдары туралы хабардарлықты арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және көмек алу мүмкіндіктерімен танысу болды. Кездесудің модераторлары СҚО бойынша “Жас Отан” Қоры ” КҚ директоры, ауданның прокуратура, полиция, денсаулық сақтау өкілдері болды. Аудандық ауруханадан медициналық психолог Т.А. Литвиненко “Тәуелділік және көмек мүмкіндіктері: есірткінің денсаулыққа әсері, тәуелділікті қалыптастыру және медициналық көмекке жүгіну” тақырыбында баяндама жасады.




