Туберкулез

Туберкулездің таралуының алдын алуға бағытталған негізгі шаралар балаларды иммундау, науқастар мен жұқтырған адамдарды ерте анықтау және емдеу, туберкулез инфекциясы ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу болып табылады.
Ауруды ерте анықтау мақсатында біздің елімізде туберкулезге қарсы профилактикалық тексерулер жүргізілуде. Ересек тұрғындар үшін жылына кемінде бір - екі рет (кәсібіне, денсаулық жағдайына және әртүрлі тәуекел топтарына жататындығына байланысты)өкпені флюорографиялық тексеру қарастырылған.
12 айдан бастап балалар үшін жыл сайынғы Иммунологиялық зерттеулер (Манту сынамасы, Диаскинтест) жүргізіледі. Туберкулез қоздырғышын жұқтыру қаупі жоғары болған кезде тексеру жиілігі артады.
Туберкулезге қарсы ерекше иммунитетке туберкулезге қарсы вакциналармен (БЦЖ және БЦЖ-М) иммундау арқылы қол жеткізіледі.
Жаңа туған нәресте перзентханада өмірдің алғашқы күндерінде егіледі, бұл 5-7 жылға созылатын иммунитетті қамтамасыз етеді.
Иммундау жас балалардағы туберкулез менингитінің дамуына жол бермейді, балаларды туберкулездің ауыр түрлерінен қорғайды және инфекция кезінде оның даму қаупін азайтады.
Спецификалық емес профилактика отбасының барлық мүшелерін туберкулезге уақтылы тексеруден, инфекция ошағындағы байланыстағы адамдарды тексеруден, сондай – ақ салауатты өмір салты қағидаттарын сақтаудан-жаман әдеттерден бас тартудан, дұрыс тамақтанудан, еңбек пен демалыс режимінің оңтайлы үйлесімінен, жеткілікті ұйқыдан, таза ауадағы қозғалыс белсенділігінен тұрады.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!


Жалпы практика дәрігері: Алтын Ерболатқызы

 

21.02.2024
Қараулар: 140
Электронное правительствоАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusГосударственные символыegovӘділетҚазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы