«Ауруханаға жатқызу Бюро» порталы

Ауруханаға жатқызу Бюросы бойынша

2010 жылдан бастап республикада «Ауруханаға жатқызу Бюро» порталы жұмыс істейді – бұл жоспарлы емдеуге жатқызу үдерісі арқылы жүзеге асырылатын компьютерлік бағдарлама. Порталдың барлық мәліметтері дәрігерлер үшін де, пациенттер үшін де айқын.

Жоспарлы емдеуге жатқызу — бұл шұғыл емдеуді қажет етпейтін пациенттің жай-күйі кезінде амбулаториялық-емханалық қызмет дәрігерінің пациентті емдеуге жатқызу жолдамасы бойынша.

Шұғыл емдеуге жатқызу — бұл шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жедел стационарға жатқызу. Шұғыл емдеуге жатқызу ол, тұрмыстық жарақаттар, жіті инфекциялық аурулар кезінде, ауыр улану кезінде және басқа кенеттен (жіті) жағдайларда пациенттің денсаулығына қауіп төнетін жазатайым оқиғалар кезінде жүргізіледі.Бұл ретте Ауруханаға жатқызу Бюро порталы арқылы жолдаманы тіркеу талап етпейді.

Науқастың құқығы:

Республиканың кез-келген стационарында мамандандырылған көмек алу үшін медициналық ұйымды еркін таңдауға әрбір пациент құқылы.

Порталда бос кереуеттер туралы деректер және кезектілік туралы ақпараттарға әрбір пациент еркін қол жеткізе алады.

Тәліктік стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тіркелген және тұрғылықты мекенжайға қарамастан медициналық ұйымды таңдауға мүмкіндіктері бар.

Жоспарлы емдеуге жатқызу үдерісінің жүзеге асырылуы: емделуші тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға жүгінеді. Егер шұғыл емдеуге жатқызуды талап етпесе, бірақ емдеу ауруханалық ұйымда көрсетілген болса, онда дәрігер аурулық профиліне сәйкес емхананың деңгейінде ауруханаға дейін тексеру тағайындайды және пациентке жоспарлы емдеуге жатқызуға стационар таңдауды ұсынады. Дәрігер пациенттің таңдауы бойынша ауруханаға жатқызу Бюро порталы арқылы (бұдан әрі БГ) стационардағы аурудың бейіні бойынша бос орындардың бар болуын нақтылайды.

Стационарда бос орын бар болған жағдайда, дәрігер пациентті ЕЖ порталы арқылы жоспарлы емдеуге жатқызу мәлімдейді және емделушіге автоматты түрде жеке код беріледі. Порталға өтінішті тіркеген уақыттан бастап 2 күн ішінде стационар жоспарлы емдеуге жатқызудың алдын ала күнін анықтайды. Стационармен емдеуге жатқызу күнін анықтағаннан кейін, емхананың дәрігері емделушіге автоматты түрде берілген жеке коды көрсетілген талон береді. Осы коды бойынша www.bg.eisz.kz -сайтында онлайн режимінде емдеуге жатқызуға арналған өз кезегінді қадағалауға болады, бұл ретте дербестелінген қызметтер мәліметі қатаң түрде құпия. Сонымен қатар емхана дәрігері жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдаманы береді. Диагностикалық зерттеулер, сараптамалық нәтижелерімен, жолдамамен және емдеуге жатқызуға берілген талонмен пациент өзі таңдаған стационарға емдеуге жатқызылады. Емделуші жолдамада көрсетілген мерзімде емделуге жатуға келу керек. Емделуші емделуге жату кезінде жауапкершілікпен қарауы тиіс.Стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіне дейін өз емханада байқалуы тиіс. Емдеуге жатқызудан бас тартуға әкеп соқтыратын күтпеген мән-жайлар туралы өз учаскелік дәрігерге уақытылы хабарлау.

Стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде, емделушіде келесі құжаттар болу керек:

  • Жеке куәлік;
  • Барлық диагностикалық зерттеулердің және сараптамалардың нәтижелері;
  • Емдеуге жатқызу талоны;
  • Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдаған дәрігердің, медициналық ұйымның бірінші басшысының қолы мен мөр қойылған жолдама.

Емдеуге жатқызу құжаттарының барлық пакеті толық болмаған жағдайда, ауруханаға жатқызу мүмкін емес және стационар науқасты жатқызуға бас тартуға құқылы болатынын білу керек.

Пациент келмеген жағдайда, өтінім күші жойылады.

Электронное правительствоАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыegovӘділетҚазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы