15 қыркүйектен бастап Қазақстанда жаппай иммундау басталды. Аудандық ауруханада 2024 жылдың 30 қыркүйегінде вакцинация басталды, ол медициналық ұйымдардың егу кабинеттерінде, сондай-ақ көшпелі егу бригадаларында өтеді.
Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде адамдар тұмауға қарсы вакцинациялауға жатады. Атап айтқанда:
- медициналық ұйымда динамикалық бақылауда тұрған балалар,
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,
- қарттарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің тұлғалары,
- мүгедектігі бар адамдар,
- медицина қызметкерлері,
- эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша инфекция қаупі жоғары адамдар.
Медицина қызметкерлері тұрғындарды инфекциялық агентке қарсы белсенді қорғаныс иммунитетін қалыптастыру мақсатында вакцина алуға шақырады. Денсаулығыңызды сақтаңыз!
Қараулар: 92