Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні 1992 жылдан бастап жыл сайын 10 қазанда психикалық денсаулық проблемаларына және оны нығайту, психикалық бұзылулардың алдын алу және емдеу әдістеріне қатысты халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында атап өтіледі. ДДҰ мен Дүниежүзілік психикалық денсаулық Федерациясы (World Federation for Mental Health) мерекені ұйымдастыруға бастамашы болды. Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнін мерекелеу құрметіне аудандық ауруханада АА пациенттері мен қызметкерлері қатысқан көңіл-күйді көтеру және стресстің алдын алу үшін "Жанға арналған дәрі қобдишасы" акциясы өтті. Сондай-ақ қатысушылар арасында әлеуметтанулық сауалнама жүргізілді: "Стрессті жеңілдетудің жеке жолдары: көңіл-күйіңізді қалай көтересіз?". Тақырыптық буклеттер, брошюралар мен жадынамалар таратылды.
Қараулар: 125