Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде облыстық онкологиялық диспансер базасында байқау кабинеттерінің жұмысы және учаскелік қызметтің онкологиялық сақтық мәселелері бойынша семинар өтті. "Жасыл дәлізді" қамтамасыз ету, онкологиялық сақтану маркерлері және пациенттерді тексеру кезеңдері, сондай-ақ алғашқы онкологиялық науқастың бағыты және жұмыста ҚР ДСМ 112 бұйрығын қолдану мәселелері қаралды. Семинарға жалпы практика дәрігері Ю. Г. Мастёрова және онкологиялық қызметтің мейірбикесі Н.С. Чагочкина қатысты.
01.08.2024
Қараулар: 231
Қараулар: 231