2025 жылғы 15 қазан күні М.Жұмабаев атындағы аудандық емхананың акт залында Кәсіби даярлық және сервис колледжінің студенттерімен түсіндіру кездесуі өтті
Профилактикалық іс-шара аясында аудандық нарколог дәрігері Низамова Г.С. студенттерге алкоголь, насвай және психоактивті заттардың (ПАЗ) зияны туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, олардың денсаулыққа, оқуға және әлеуметтік өмірге кері әсерін атап өтті.
Сонымен қатар, МАСК бойынша директордың м.а. орынбасары – Құсайынов Н.А. студенттерге контрацепция шаралары және отбасын жоспарлау туралы баяндама жасап, бұл тақырыптардың жас ұрпақ үшін өзектілігін атап өтті.
Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, сұрақтар қойып, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты. Мұндай іс-шаралар жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және денсаулыққа саналы көзқарасты дамытуға ықпал етеді.