Магжан Жұмабаев аудандық емханасында фтизиатрия саласындағы маңызды мәселелерге, оның ішінде ауруларды анықтау мен алдын алу, сондай-ақ 2026 жылға арналған флюорографиялық жоспарды әзірлеуге арналған семинар өтті. Шараның спикері – фтизиатр дәрігері Түрленова А.Н., ол туберкулезді анықтау және алдын алу бағытындағы жаңа тәсілдермен таныстырды.
Семинарда флюорографиялық тексерулерді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп, халыққа диагностика қызметін көрсету тиімділігін арттыру шаралары талқыланды.
Аудандық дәрігерлер белсенді қатысып, тәжірибе алмасып, медициналық көмек сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар айтты.