«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖККМК
Ресми интернет-ресурс

Қазақстан салауатты қалалары

 13–14 қазан күндері Астана қаласында «Қазақстан салауатты қалалары» республикалық форумы өтті.

Форумға денсаулық сақтау саласының мамандары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық серіктестер қатысып, салауатты қалалық ортаны қалыптастыру және халықтың өмір сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатысты. Олардың қатарында Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы да болды.

Делегация құрамында М.Жұмабаев атындағы аудандық аурухананың директоры — Сагандыкова Г.Т. да форум жұмысына қатысты.

Форум аясында мынадай маңызды мәселелер қаралды:  халық денсаулығын ескере отырып қалалық инфрақұрылымды дамыту, аурулардың алдын алу және қоғамдық денсаулықты нығайту, бастапқы медициналық-санитариялық көмектің рөлін күшейту, өңірлерде салауатты өмір салтын насихаттау.

Бұл форум — қатысушылар үшін тәжірибе алмасу, жаңа идеялармен танысу және денсаулық сақтау саласындағы тиімді тәсілдерді талқылау алаңы болды.