АМСК көмегін көрсететін емхана қызметі, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып тіркелу және тұрғылықты мекенжайы бойынша азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық негіз бойынша құрылған.
Бас санитариялық дәрігер 2023 жылғы 1 қарашада № 7 "қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы " қаулы шығарды. Қаулыда бірінші тармақта - қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау (бұдан әрі – қызылшаға қарсы ҚИШ): 6 айдан 10 айға дейінгі балаларға 29 күн, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан 11 ай 29 күн, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен вакцинацияланушының немесе ата-анасының (заңды өкілдерінің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін қызылшаға қарсы профилактикалық иммундауы жоқ денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне жүргізілетіні атап өтілді.