2025 жылғы 27 тамызда Магжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы КМК-нің акт залында мекеме қызметкерлерінің мектепке баратын балаларына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында мекеме әкімшілігі болашақ оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған сөмкелер табыс етті. Сонымен қатар, «Cенім» кәсіподақ ұйымы дәстүр бойынша бірінші сынып оқушыларына ақшалай конверттер сыйлады. Іс-шара жылы әрі мерекелік атмосферада өтті. Ата-аналар көрсетілген қолдау мен қамқорлық үшін алғыс білдіріп, балалар жаңа өмір кезеңіне қадам басар алдында қуаныштарын жасырмады.