М.Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы
Фельдшерлік сағат аясында халықты скринингтен өткізу, динамикалық бақылау және сақтандырылмаған азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын (ИРР) жүргізу мәселелері талқыланды!
Кездесу барысында медициналық қызметкерлер скринингтің ауруларды ерте анықтаудағы маңыздылығын, динамикалық бақылаудың созылмалы аурулары бар пациенттерге көрсетілетін көмектің сапасын арттырудағы рөлін және медициналық сақтандыру бойынша ИРР жүргізудің қажеттілігін атап өтті.
Азаматтардың сақтандырылған мәртебесін алуына жәрдемдесу мақсатында тиісті мекемелермен өзара ынтымақтастықты күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.
Естеріңізге саламыз: скринингтен уақтылы өтіңіз, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз және өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді тексеріңіз! Алдағы уақытта ауруханамызда қосымша скринингтік және ақпараттық іс-шаралар өткізіледі.