2025 жылғы 8 қыркүйекте "Магжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасына“ ШЖҚ КМК акт залында Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауы тыңдалды.
Іс-шараға поликлиника қызметкерлері, әкімшілік персонал өкілдері және медициналық бөлімшелердің мамандары қатысты. Қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарымен, денсаулық сақтау, білім беру, цифрландыру және азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелерімен танысты.