2025 жылдың 17 сәуір күні "М. Жұмабаев ауданының АА " ШЖҚ КМК акушер - гинекологтар, жалпы практика дәрігерлері, орта медициналық персонал үшін "Кесар тілігі" тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында операцияға көрсеткіштер, ықтимал қауіптер, өткізу кезеңдері және ауырсынуды басудың заманауи әдістері қарастырылды. Операциядан кейін қалпына келтіру кезінде физиологиялық тұрғыдан да, сондай-ақ психологиялық тұрғыдан ерекше назар аударылады.