Келген ерлі-зайыптылар мен әйелдер отбасын жоспарлаудың баланың денсаулығы мен отбасының әл-ауқаты үшін маңыздылығын білді. Екі серіктестің бірдей жауапкершілігін қамтитын саналы ата-ана мәдениеті қаншалықты маңызды екендігі түсіндірілді. Барлығы 3 ерлі-зайыптылар мен 9 әйел отбасын жоспарлауға қатысты. 2025 жылғы 12 мамыр күні әйелдер консультациясында қабылдау кезінде контрацепция әдістері, жүктілікке дейінгі тексерудің маңыздылығы, жүктілікке дейін және ерте кезеңде фолий қышқылын қабылдаудың маңыздылығы, жаман әдеттерден бас тарту туралы әңгімелер өткізілді. Гинекологтар мен акушерлердің қабылдауында барлығы 44 әңгіме өткізілді.