2025 жылғы 4 маусым күні «Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулезді ерте анықтау және диагностикалау мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті. Іс-шараның спикерлері аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің басшысы И.Б. Шонтаев және фтизиатр-дәрігер А.Н. Турленова болды, Кездесу барысында туберкулезді ерте анықтаудың заманауи тәсілдері, диагностика алгоритмдері және балалар мен жасөспірімдер арасында осы аурумен күрестегі ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығы талқыланды. Профилактика, тұрақты медициналық тексерулердің маңыздылығы, сондай-ақ ата-аналар мен педагогтар арасында хабардар болуды арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинарға қатысушылар тақырыптың өзектілігін атап өтіп, осындай іс-шараларды одан әрі өткізуге қызығушылық танытты.