Вакцинациямен қамтуды арттыру және профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесін сақтауды бақылау жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 16 маусымда «Мағжан Жұмабаев ауданының АА» ШЖҚ КМК-да облыстық мамандардың мониторингтік сапары өтті. Мониторингтің мақсаты - егуден негізсіз медициналық бас тартуларды анықтау, сондай-ақ аудан тұрғындарын иммундық профилактикамен қамтуды көрсететін медициналық құжаттаманың жүргізілуін тексеру. Мониторинг қорытындысы бойынша мамандар тексеру актісін жасап, анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берді, сондай-ақ профилактикалық жұмысты жақсарту бойынша қадамдар белгіленді.