2025 жылдың 20 мамырында "Булаев мектеп-балабақша-бөбекжай кешені" КММ-нде медицина қызметкері профилактикалық әңгіме өткізіп, "Артериялық гипертонияның алдын алу" тақырыбында бейнеролик көрсетті. Іс-шараның мақсаты - артериялық гипертонияның алдын алу шаралары туралы оқушылар мен қызметкерлердің хабардарлығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды дамыту. Қатысушыларға үнемі физикалық белсенділіктің, дұрыс тамақтанудың, жаман әдеттерден бас тартудың және қан қысымын бақылаудың маңыздылығы туралы еске салынды.