Біздің аудандық ауруханада "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Мағжан Жұмабаев атындағы аудан бойынша филиалымен бірлесіп ұйымдастырылған өзіне-өзі қызмет көрсету секторларына бекітілген қызметкерлерді оқыту өтті. Кездесу барысында өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында мемлекеттік қызметтер көрсету және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша өзекті мәселелер қаралды. Цифрлық сервистерді дамытуда тиімді өзара іс-қимыл жасағаныңыз және қолдағаныңыз үшін алғыс айтамыз!