2025 жылдың 24 шілдесінде Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларды иммундау мәселелері бойынша семинар-тренинг өтті. Іс-шара медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру, сондай-ақ балаларды вакцинациялау саласындағы практикалық дағдыларды жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. "Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК-нен семинарға келесі медицина қызметкерлері қатысты: дәрігер-эпидемиолог С.А. Юрченко, дәрігер-педиатр Ж.К. Бәкірова, жалпы практика дәрігері (ЖПД) Х.А. Камалитдинов., егу кабинетінің медбикесі Е.Ю. Фрасуляк. Семинар барысында вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу, медициналық құжаттаманы жүргізу, Қазақстан Республикасында иммундауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өзекті мәселелер қаралды. Сондай-ақ вакцинациядан бас тартқан ата-аналармен өзара іс-қимылдың тиімді стратегияларын әзірлеуге бағытталған практикалық сабақтар мен рөлдік ойындар өткізілді.