2025 жылғы 25 тамызда «М.Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ ҚМҚ базасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 29 қазандағы №167 бұйрығын орындау шеңберінде І деңгейлі босандыру ұйымының қызметін бағалау мақсатында мониторингтік іссапар жүргізілді. Аталған бұйрық «Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру стандарты туралы» болып табылады.
Мониторинг барысында акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылу құрылымы, материалдық-техникалық жабдықталуы, клиникалық хаттамалардың сақталуы, жүкті әйелдер мен босанатын әйелдерді бағыттау (маршрутизация) тәртібі және көрсетілетін медициналық көмектің сапасы жан-жақты тексерілді.
Мониторинг нәтижесі бойынша белгілі бір бағыттар бойынша қызметті стандарт талаптарына сәйкестендіру бойынша ұсыныстар берілді, сондай-ақ медициналық көмекті ұйымдастырудағы оң нәтижелер де атап өтілді. Мониторингке денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар мен сала мамандары қатысты.