2025 жылдың 26 маусымында аудандық аурухананың жұмыс тобы Возвышенка ауылының дәрігерлік амбулаториясына мониторингтік сапармен барды. Жұмыс тобының құрамында директордың МСАК жөніндегі орынбасарының м.а. Н.Ә. Құсайынов, эпидемиолог С.А. Юрченко және бас медбике А.Ш. Сәрсенбаева болды. Сапардың мақсаты - амбулатория қызметіне мониторинг жүргізу, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру және сапасы, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсету.Шығу барысында үй-жайларды тексеру жүргізіліп, жұмыс жағдайларын жақсарту және санитарлық нормаларды сақтау бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, мамандар медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, ағымдағы талаптар мен нормативтер бойынша түсініктемелер берді. Мұндай сапарлар халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға және МСАК мекемелерінде стандарттардың сақталуын бақылауды нығайтуға ықпал етеді.