2025 жылдың 29 шілде күні «М.Жұмабаев атындағы аудандық аурухана» ШЖҚ МКК емханасында Дүниежүзілік гепатитпен күрес күніне орайластырылған « Ашық есік күні өтеді».
Өткізу орны : Аудандық аурухана Өткізу уақыты : 09: 00-ден 13: 00-ге дейін Іс-шара аясында барлық ниет білдірушілер:
- Жалпы практика дәрігерлері мен терапевтерден тегін консультация ала алады. - Вирустық гепатиттердің алдын алу, ерте диагностикалау және емдеу әдістері туралы ақпарат ала алады - Мамандарға қызықтыратын сұрақтарын қоя алады. - Қажет болған жағдайда - тексеруге жолдама ала алады
Гепатит - үкім емес, бірақ ауруды ерте кезеңде анықтау маңызды. Өзіңіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Қатысу тегін. Алдын ала жазылу талап етілмейді .
Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда мына телефон бойынша хабарласыңыз: 8 715 31 7-99-10