2025 жылдың 6 наурызында аудандық ауруханада Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт болып өтті. Іс-шараның мақсаты қызметкерлердің басын қосып, мерекелік көңіл күй жасау және әйелдер қауымына құрмет көрсету болды. Концерт аясында жергілікті әртістер мен шығармашылық ұжымдар әртүрлі әсем әндер орындап, би биледі. Барлық қойылымдар әйелдер еңбегіне деген құрмет пен ризашылыққа толы болды. "Бұл күн - барлық әйелдерді мерекесімен құттықтап, күнделікті қоғамдық өмірге қосқан үлестері үшін алғыс айту мүмкіндігі"! Концерт соңында әйел қызметкерлердің аурухана мен жалпы қоғам өміріндегі маңызды рөлі атап өтіліп, оларға гүл шоқтары мен грамоталар табыс етілді.