«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖККМК
Ресми интернет-ресурс

«ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТАЙЫҚ» челленджі!

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кішкентай пациенттер арасында «Дәрігерге алғыс — балалар көзімен» атты челлендж жариялайды!
📌 Не істеу керек?
— Сүйікті дәрігеріңізге арнап сурет салыңыз немесе қысқаша видео түсіріңіз
— Сол арқылы ақ халатты жанға не үшін алғыс айтқыңыз келетінін баяндаңыз
— Суретіңізді немесе видеоңызды Instagram-ға #Дәрігербалалардыңжанашыры хештегімен жариялаңыз
— Міндетті түрде Қордың аймақтық филиалын белгілеңіз (мысалы: @msqory_astana, @msqory_almaty және т.б.)

🗓️ Өтетін уақыты: 2025 жылғы 23 мамырдан 10 маусымға дейін
🏆 Үздік жұмыстар Денсаулық сақтау министрлігі мен Қор филиалдарының парақшаларында жарияланады.
Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз, бұл – жан жылуымен емдейтін сүйікті дәрігеріңізге алғыс айту мүмкіндігі!