«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖККМК
Ресми интернет-ресурс

Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы

«Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ға жаңа туған нәрестелердің есту қабілетін объективті аудиологиялық скринингтен өткізу және диагностикалау үшін модульдік құрылғы сатып алынды. Жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін неонаталдық көмектің сапасын арттыру және есту қабілетінің бұзылуын ерте анықтау мақсатында «Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ға есту функциясын объективті скринингтен өткізу мен диагностикалауға арналған заманауи модульдік құрылғы сатып алынды. Бұл құрылғының көмегімен нәрестелердің есту жағдайын өмірінің алғашқы күндерінде-ақ жылдам әрі дәл анықтауға болады, бұл өз кезегінде ауытқулар анықталған жағдайда ерте араласудың тиімділігін арттырады. Туған бөлімшесінің акушерлері аталған құрылғымен жұмыс істеу бойынша арнайы оқытудан өтті және бүгінде оны күнделікті тәжірибеде сәтті қолданып жүр. Бұл — жаңа туған нәрестелерге сапалы әрі дер кезінде медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етудегі маңызды қадам.