«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖККМК
Ресми интернет-ресурс

Білім беру циклі

2025 жылдың 30 маусымы мен 4 шілдесі аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК базасында Астана қаласында "Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі сараптама (ПҚҚ және ІС)" тақырыбы бойынша оқыту өтті. Білім беру циклі денсаулық сақтау жүйесінің өзекті стандарттары мен міндеттеріне сәйкес медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған. Тыңдаушылар қатарында директордың МСАК жөніндегі орынбасарының м.а. Н.Ә. Құсайынов курсты сәтті аяқтап, тиісті сертификат алды.
Мұндай іс-шаралар алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін дамытуға, сапаны бақылаудың ішкі тетіктерін нығайтуға және халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыруға ықпал етеді.