«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖККМК
Ресми интернет-ресурс

Психикалық денсаулық орталығы

     "Психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ КМК-да "СҚО медициналық ұйымдарында халық арасында суицидтің алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы" тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға амбулаториялық-емханалық желіде жұмыс істейтін мамандар қатысты.                Семинарға директордың МСАК жөніндегі орынбасарының м.а. Н.А. Құсайынов және балалармен жұмыс жөніндегі жауапты маман А.Д. Жаманбаева қатысты. Талқылау барысында суицидтің алдын алудың жаңа тәсілдері мен әдістері ұсынылды, сондай-ақ осы маңызды саладағы СҚО медициналық ұйымдарының жұмысын жақсартуға бағытталған шаралар қаралды.                        Семинар медицина қызметкерлерінің хабардарлығын арттырудағы және олардың тәуекел тобындағы адамдармен жұмыс істеу дағдыларын жақсартудағы маңызды қадам болды.