«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖККМК
Ресми интернет-ресурс

Қан айналымы жүйесінің ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері

2025 жылдың 25 маусымында "Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК "Қан айналымы жүйесінің ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері" тақырыбында семинар өтті. Іс-шараның мақсаты - бастапқы буын медицина қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру және жүрек-қан тамырлары аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіру болды. Семинар жұмысына жалпы практика дәрігерлері, терапевттер және ауданның медициналық ұйымдарының фельдшерлері қатысты. Қазіргі клиникалық ұсыныстарға сәйкес гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және созылмалы жүрек жеткіліксіздігін диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелерін атап өткен терапевт дәрігері Б.Я. Сапарова баяндама жасады. Жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте анықтау және алдын алу, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары қаупі жоғары науқастарды басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинар аясында жалпы практика дәрігерлері Х.А. Камалитдинов және Ю.Г. Масерова жұмыста тап болған клиникалық жағдайларға талдау жүргізді. Күнделікті тәжірибеден нақты мысалдар қарастырылып, пациенттерді басқару тактикасы талданды, күрделі жағдайларды басқару бойынша ұсыныстар берілді және көпсалалы тәсілдің маңыздылығына назар аударылды. Мұндай іс-шараларды өткізу медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және қан айналымы жүйесінің ауруларын емдеу мен алдын алудың заманауи тәсілдерін практикаға енгізуге ықпал етеді.