"Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК телемедицина.
Жыл басынан бері біздің емханада аудандық және облыстық мамандармен 300-ден астам телемедициналық консультациялар өткізілді. Бұл қазіргі заманғы LIMSTAR жүйесін, мамандандырылған медициналық құрылғыларды және француздық HOPImedical компаниясының Тélémédica мобильді қосымшасын енгізу арқылы мүмкін болды.
Телемедицина арқылы енді тек кеңес беру ғана емес, сонымен қатар қашықтықтан диагностикалық қызметтер де қол жетімді, мысалы:* Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) * Отоскопия *Дерматоскопия * Электрокардиография (ЭКГ) * Аускультация және басқа зерттеулер
Толығырақ ақпарат алу үшін немесе телемедициналық кеңеске жазылу үшін учаскелік дәрігерге хабарласыңыз.