«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖККМК
Ресми интернет-ресурс

Материалдық-техникалық базасын

М.Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы ШЖҚ КМК-ның материалдық-техникалық базасын жаңарту.
2025 жылғы 21 тамызда М.Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы ШЖҚ КМК-да медициналық жабдықтарды кезең-кезеңімен жаңарту және жетілдіру аясында PENTAX фирмасының жаңа видеоэндоскопы орнатылды. Бұл жабдық асқазан-ішек жолдарын (АІЖ) жоғары дәлдікпен зерттеуге арналған және ас қорыту жүйесі ауруларын диагностикалау сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Заманауи эндоскопиялық құрылғыны орнату мекеменің материалдық-техникалық базасын жақсартудағы маңызды қадам болып табылады және аудан халқының медициналық көмекке қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.