«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖККМК
Ресми интернет-ресурс

"М.Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК-на жас мамандар жұмысқа қабылданды

"М.Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК-на жас мамандар жұмысқа қабылданды:
Возвышенка ауылдық дәрігерлік амбулаториясына — Қызылжар ауданының тумасы Кенжеев Жалғас Нұрбекұлы;
Қарақоға ауылдық дәрігерлік амбулаториясына — Петропавл қаласының тумасы Браун Артур Сергеевич.
Екі дәрігер де М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Жас мамандарды ұжымымыздың атынан жылы қабылдай отырып, оларға зор денсаулық, кәсіби өсу, өз күшіне сенімділік, алған білімдері мен тәжірибелерін аудан тұрғындарының денсаулығы жолында табысты жүзеге асыруларына тілектеспіз!