«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖККМК
Ресми интернет-ресурс

Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес

 Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, М. Жұмабаев ауданының Шаруашылық жүргізу құқығындағы “Аудандық ауруханасы” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша медициналық қызметкерлер мен шұғыл әрекет ету бригадасымен нұсқаулық өткізілді. Нұсқаулықтың мақсаты – табиғи, техногендік немесе әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда медициналық қызметкерлердің жедел әрекет етуге дайындығын арттыру, сондай-ақ қауіп-қатер күшейген немесе нақты төтенше жағдайлар орын алған кезде мекеменің барлық құрылымдық бөлімшелерінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету.

Нұсқаулық барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  • ТЖ туралы хабарлама алған кездегі персоналдың іс-әрекет тәртібі;
  • Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі мен алгоритмі;
  • Мекеме ішіндегі эвакуациялық шараларды ұйымдастыру;
  • Төтенше жағдайлар қызметтерімен және жергілікті басқару органдарымен өзара әрекеттесу;
  • Азаматтық қорғаныс жоспары және эвакуациялау сызбасымен танысу;
  • Жеке қорғаныс құралдарымен және қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету. Нұсқаулық бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің жауапты мамандарының қатысуымен өткізілді. Іс-шара соңында шартты төтенше жағдай бойынша практикалық жаттығу жүргізіліп, теориялық білімдер іс жүзінде бекітілді.

 Нұсқаулыққа қатысушылар мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп отырудың маңыздылығын атап өтіп, бұл – науқастар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде уақытылы және тиімді әрекет етуге ықпал ететінін жеткізді.