«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы» ШЖККМК
Ресми интернет-ресурс

Онкологиялық қызметтің ішкі мониторингі

   Онкологиялық қызметтің ішкі мониторингі: 2025 жылдың 7 айының қорытындысы.                                                                                                                 2025 жылғы 6 тамызда Магжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы ШЖҚ КМК-ның акт залында онкологиялық қызмет жұмысының ішкі мониторингі өтті. Іс-шара 2025 жылдың алғашқы 7 айының қорытындысы бойынша ұйымдастырылды.

    Есеппен онкологиялық көмек бойынша үйлестіруші дәрігер Шпис Е.А. сөз сөйледі. Ол қызметтің атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынып, негізгі көрсеткіштерді талдап, оларды 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырды.

  Есеп қорытындысы бойынша бірқатар көрсеткіштердің жақсарғаны атап өтілді. Бұл онкологиялық қызмет жұмысының оң динамикасын және тиімділігінің артқанын көрсетеді. Мұндай ішкі мониторингтер онкологиялық науқастарға көрсетілетін көмекті ұйымдастыруда өзекті мәселелерді уақтылы анықтауға және медициналық қызметтердің сапасын одан әрі арттыру бағыттарын белгілеуге мүмкіндік береді.